KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Келесі жылдан бастап электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар ғаламтор-ресурстары да қаржыландырылады

6.03.2013, 18:00 141


Семейде бұқараға ақпарат тарату жұмысының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында Елбасы жолдауында жүктелген міндеттер мен Қазақстан республикасының хатшысы Марат Тәжиннің ақпараттық активке қойған талаптарды іске асыру жолындағы мәселелер қаралды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметтеріне жүгініп.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смаилованың айтуынша, қазіргі күннің басты мақсаттарының бірі қолда бар ақпараттық-идеологиялық ресурстарды пайдаланып, Қазақстан 2050 стратегиясының маңыздылығын халыққа түсіндіру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарына әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі үлкен қолдау көрсетуде. Бөлімде ақпараттық сектор жұмыс істеуде.

Ол өз кезегінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің шұғыл ақпарат алу мақсатында әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерімен байланыс орнатуға ықпал жасайды. Атап өтерлігі, мемлекеттік сатып алуды алу үшін биылғы тендерге қатысқан 12 бұқаралық ақпарат құралдарының басым көпшілігімен келісім-шарт жасалған.

Ғалия Смаилованың айтуынша, келесі жылдан бастап электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар ғаламтор-ресурстары да қаржыландырылады деп жоспарлануда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив