Халық доллар, еуро, рубль сатып алуды азайтып, юань алуды көбейтті
Фото: almaty.tv
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында айырбастау пункттерінде АҚШ долларының таза сатылымы 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% аз. Еуроның таза сатылымы да 28,8% немесе 214,9 млрд теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Ресей рублінің сатылымы да бірден 68,4 есе немесе 4,1 млрд теңгеге дейін төмендеген.
Қытай юанінің айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы, керісінше, 5,3% өсіп, 1,1 млрд теңгеге жетті.
Ресей рублінің таза сатылымы ҚР 20 өңірінің 13-де оң мәнде болды. Соның ішінде ең көп көлем Шығыс Қазақстан, Қарағанды және облыстарында байқалды.
Қытай юані сатылымының ең көп көлемі Астана мен Алматыда, сондай-ақ Павлодар облысында болды.
Айжанат Бақытқызы