Антикор Сәтбаев қаласының әкімі ұсталғанын растады

Фото: advgazeta.ru
Облыстардағы шенеуніктер бірінен соң бірі ұсталып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталғанын растады. Бұл туралы ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-баптың 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мұның алдында әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласы әкімі ұсталғаны хабарланған еді.
Шапағат Әубәкір былтырғы жылдың 19 қаңтарында қала әкімі қызметіне тағайындалған.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз