KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қатарлық инвестор қазақстандық банкті сатып алуға дайын

Фото: gov.kz

15.02.2024, 23:00 97

Қатарлық Lesha Bank қазақстандық "Бәйтерек" мемлекеттік холдингіне тиесілі банктің акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған Қатар қор биржасы жариялаған ақпарат дәлел, деп хабарлайды Аltainews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

- Lesha Bank 2024 жылғы 14 ақпанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен Қазақстан Республикасында банктің барлық жарғылық капиталын әлеуетті сатып алуға қатысты алдын ала келісім жасасты, - делінген биржа хабарламасында.

Мәміле тараптар арасында жасалатын түпкілікті келісімнің шарттары мен ережелері сәтті келісуге байланысты болады.

Lesha Bank (бұрынғы Qatar First Bank) - Қатардың қаржы орталығын реттеу басқармасынан мақұлдау алған шариғат қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы тәуелсіз банк.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив