KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Отандық күнбағыс майын өндірушілер шикізат тапшылығы бар екенін меңзеді

Фото: podrobno.uz

16.02.2024, 20:21 116

Майлы дақылдарды өңдеушілердің салалық қауымдастығының ақпараты бойынша, Қазақстаннан экспортталатын күнбағысқа 20 пайыздық баж салығы бұл өнімдердің экспортын шектемейді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Олар шикізатты тоннасына кемінде 100 еуродан алады. Елімізде баж салығы бір жылдан бері күшінде, оған дейін квота бойынша экспорттау кезеңі болған.

- Бұл экспортты шектемейтінін бәріміз түсінуіміз керек. Барлық экспорттаушылар үшін тең қолжетімділік қамтамасыз етілген. Төленген баждар бюджетке түседі, фермерлерге субсидия төленеді. Қазірдің өзінде 5 миллиард теңге түсті. Баж салығына қарамастан, экспорттаушылар күнбағысты белсенді түрде экспорттауда, – деді қауымдастықта.

Ұйымның мәліметінше, 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстаннан 315,1 мың тонна күнбағыс экспортталды, бұл шамамен жылдық экспорт көлеміне тең.

- Алайда күнбағыс тұқымын өңдейтін отандық зауыттар жартылай да толтырылған емес. 2023 жылы күнбағыс майының бағасы желтоқсанда 16 пайызға арзандап, 768 теңгені құрады, – делінген хабарламада.


 

                                                                      

Айжанат Бақытқызы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив