KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстандықтар арнайы мамандардың қабылдауына жолдамасыз жазыла алады

Фото: pixabay

22.02.2024, 11:22 127

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Сонымен, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап:

* жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту; 

*олардың жарамдылық мерзімін 10 күннен 14 күнге және бір айдан үш айға дейін ұзарту.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тиісті мамандармен тікелей байланыс орнату тәсілдері жетілдірілетін болады.

Пациент келесі жағдайларда жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз арнайы мамандарға хабарласа алады:

*төтенше жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;

*шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;

*дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;

*тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына жазылу;

*онколог пен онкогематологтың қабылдауы;

*диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, хирургтың қабылдауына жазылу;

*арнайы маманның қайта қабылдауы;

*жастар денсаулық орталықтарындағы мамандардың қабылдауына;

*жылжымалы медициналық кешендердің және басқа да жылжымалы қызметтерді көрсету кезінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сәуір айынан бастап жалпы тәжірибелік дәрігер мен бейінді мамандардың бірлескен жұмысының динамикалық бақылау тәртібі мен алгоритмі қайта қаралады, бұл жан-жақты көмекті қамтамасыз етеді.

Осы жұмыс аясында зерттеудің жиілігі мен көлемі әрбір науқас үшін жеке тағайындалады.

                                                                      

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив