KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда биыл ЭКО бағдарламасына 7 мың квота бөлінді

Фото: kommersant.ru

26.02.2024, 13:00 111

ЭКО бағдарламасына кімдер қатыса алады? Квотамен ЭКО жасату үшін не істеу қажет? Осы және өзге де сауалдарға Медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) – бедеулікке қарсы күрестің ең тиімді тәсілі. Заманауи технологиялардың арқасында сәби сүю мүмкіндігі төмен жұптар да балалы болып жатады.

ЭКО бағдарламасына қатысқысы келетіндер емханаларда тіркеледі. БМСК ұйымы пациентті диспансерлік науқастардың электронды регистріне тіркейді. Денсаулығын тексеріп, бедеулік себептері анықталғаннан кейін емхана құжаттарды арнайы маманның қорытындысымен бірге Денсаулық сақтау басқармасындағы жоғары технологиялы операциялар жөніндегі арнайы комиссияға жолдайды.

Клиниканы пациенттің өзі таңдайды. Комиссия тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда Ауруханаға жатқызу бюросы порталына жолдама беріледі. 

Биыл еліміз бойынша 7 мың квотаға қаржы қарастырылған.

Клиникалардың тізімімен fms.kz ресми сайты арқылы танысуға болады.

ЭКО сақтандырылғандар үшін тегін. Жасанды ұрықтандыру бағдарламасы 2020 жылдан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы қаржыландырылады. Бағдарламаға қатысқысы келетін пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт.

ЭКО процедурасының басты шарты – бедеуліктің терапевтік емдеуге келмейтін түрі. Бағдарламаға отбасылық жұптар ғана емес, ресми некеге тұрмаған жұптар да қатыса алады. Мұндай жағдайда екі жақтың өзара жазбаша келісімі қажет.

Қойылатын талаптар:

жасы 18 бен 42 аралығында;

соматикалық, эндокриндік статусы қалыпты жағдайдағы пациенттер (Қазақстан азаматтары) қатыса алады.

 

                                                             

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив