KZ
Өскемен
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Әлеуметтік осал топқа жататындар медициналық сақтандыру ақысын төлемейді

Фото: med.mcfr.kz

26.02.2024, 13:20 191

Келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топқа жататын отандастарымыз медициналық сақтандыру ақысын төлеуден босатылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, енді тұрмысы төмен азаматтар үшін төлемді жергілікті әкімдік жасайтын болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, елімізде осы санатқа кіретін 192 мың адам бар. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар мен жетім балалар бар.

Жауапты ведомство елімізде табысы ең төменгі шекті деңгейден де аз отбасыларға осылайша көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Сондықтан министрлік болашақта әкімдіктер төлейтін сақтандыру мөлшерлемесін белгілейтін болады.

                                                                         

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу