KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Былтыр елімізге қанша қандас оралды?

Фото: bestvietnam.ru

11.04.2024, 22:41 99 Ержан Әбіш

2023 жылы 26,8 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алған, оның ішінде қандастардың саны 20,5 мыңнан асады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kursiv.media порталына сілтеме жасап.

– Статистикалық мәліметтерге сенсек, 2023 жылы елге келгендер саны – 25,3 мың, кеткендер саны – 16 мың. 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 46,8%-ға артқан, – деді Сенат депутаты Советбек Медебаев көші-қон туралы заңды талқылау барысында.

Қазақстан азаматтығына 26,8 мыңнан астам адам қабылданған. Оның ішінде қандастардың саны 20,5 мыңнан асқан.

Қандастардың әр елден келген үлесі мынадай: Өзбекстаннан 13 244 адам (64%), Қытайдан 2 768 адам (13,5%), Түрікменстаннан 1 778 адам, Ресейден 1 313 адам, Моңғолиядан 802 адам келген.

Жалпы 32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл – ел халқының 5,6%-ы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив