KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

22 сәуірде халықтан қару сатып алу акциясы басталады

Фото: admbal.ru

17.04.2024, 23:47 59 Ержан Әбіш

Ішкі істер министрлігі 22 сәуірден бастап халықтан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ақшалай сыйақы үшін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыруға ниет білдірген азаматтар қалалық немесе аудандық полиция бөлімдерінің кез келгеніне өтініш бере алады. Өтінішке жеке куәліктің және дербес банктік шоттың көшірмесі қоса беріледі.

Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін материалдық өтемақы төлеу сомасы әрбір бірлік үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (1 АЕК – 3692 теңге) өзгереді. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сұрақтар бойынша тәулік бойы 102 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив