Пәтерлер қай қалаларда қатты қымбаттады?
Фото: depositphotos.com
Бір жылда жаңа тұрғын үйдің бағасы 2,2%-ға, қолданыстағы пәтерлердің бағасы 1%-ға өсті. Үйді жалға алу төлемі өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда 5,2%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе (9,5%), Талдықорған (7,2%), Қызылорда (7,1%) қалаларында қымбаттаған.
Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (14,1%), Астана (6%) қалалары бастаса, тұрғын үйді жалға алу нарығында Талдықорған (28,1%), Қарағанды (24,6%), Жезқазған (22,6%), Петропавл қалалары алда (22,5%).
Бір ай ішінде (2024 жылғы маусым 2024 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлердің бағасы 0,6%-ға, жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,4%-ға өсті.
Үйді жалға алу төлемі маусымда өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ға жоғарылады.