Қазақстанда пәтер құны қандай?
Фото: yakapitalist.ru
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қарашаға дейін бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар 3,2%-ға, ал екінші деңгейдегі нарықта бағалар 5,4%-ға төмендеген.
Соңғы бір айдың ішінде (2023 жылғы қарашадан қазанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату 0,9%, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2%-ға өскен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, жаңа тұрғын үйді сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда қарашада 0,7%-ға төмендеген. Ал өңірлер бойынша жаңа тұрғын-үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодарда 14,8%, Петропавлда 10,6%-ға қымбаттаған.
Ал қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері – Атырау (11,8%) мен Семей қалалары (8,3%).