Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі «Barclays Center» стадионында жеке концертін береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы әнімен әлемді тамсандырған отындасымыз әлеуметтік желіде жазды.
– 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласындағы «Барклайс-центр» стадионында жеке концерт беретінімді қуанышпен хабарлаймын. Билеттер қашан сатылымға шығатынын тағы жазатын боламын. Менің Instagram желісіндегі парақшамды қарап жүріңіздер, – деп жазды Димаш.
Ал 29 қарашада әртіс Санкт-Петербургте концерт береді деп жоспарланған.
Осы орайда айта кетейік, «Барклайс-центр» (Barclays Center) – Бруклинде орналасқан спорт аренасы. «Бруклин Нетс» баскетбол командасы мен «Нью-Йорк Айлендерс» хоккей командасының алаңы. Барклайс-центр» Нью-Йоркте түрлі іс-шаралар өткізу бойынша «Мэдисон-сквер-гарденнің» басты бәсекелесі саналады. Аталған аренада әлемдік шоу-бизнестің жарық жұлдыздары Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Coldplay, Ариана Гранде, the Black Keys, Крис Браун, Backstreet Boys, Iron Maiden, Рианна, The Weeknd, Kendrick Lamar сынды әртістер өнер көрсеткен.