KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Ел азаматтарының жалақысы туралы толық мәлімет жарияланды

depositphotos.com

10.10.2024, 18:00 81 Ержан Әбіш

2024 жылғы сәуірде Бюро барлық ірі, сондай-ақ орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде) кәсіпорындардың 30 пайызы іріктеп қоса алғанда, бүкіл ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық статистика мәліметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың сәуіріндегі нақты жалақы туралы мәліметтер барлық қосымша төлемдерді, сыйақыларды, салықты және зейнетақы аударымдарын есепке алып көрсетілген.

Қызметкерлердің жалпы санында орташа айлық жалақы алушылар үлесі келесідей бөлінген:

қызметкерлердің 6,1 пайызы – 100 000 теңгеге дейін алды;

12 пайызы – 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін;

35,1 пайызы – 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін;

35,6 пайызы – 300001-ден 600 000 теңгеге дейін;

6,9 пайызы – 600 001-ден 900 000 теңгеге дейін;

2,1 пайызы – 900 001-ден 1 200 000 теңгеге дейін;

1 пайызы – 1 200 001-ден 1 500 000 теңгеге дейін;

1,2 пайызы – 1 500 001-ден жоғары.

– Зерттеу қорытындысы бойынша, 2024 жылы қызметкерлер жалақысының медианалық мәні 285 677 теңгені құрады, өткен жылы қызметкерлердің жартысы жалақы мөлшері тізбегінің орта мәнінен жоғары, ал қалған жартысы төмен алатын медиана мәні 251 356 теңге болған, – делінген хабарламада.

Қызметкерлердің жалақысының модальді мәні (ең көп таралған жалақы) – 97 557 теңге болады. Айта кетейік, 2023 жылы оның мөлшері 81 377 теңге болған.

– Басшылардың жалақы деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызыға өсті. Өндірістік жабдық операторлары, көлік жүргізушілері және құрастырушылардың жалақысы 16 пайызға, ал фермерлер мен ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында 14,3 пайызға өскен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив