KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

Биыл қыс қандай болады?

depositphotos.com

16.10.2024, 20:00 66 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» 2024 жылғы қараша – 2025 жылғы наурызға ел бойынша консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қарашада жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, қар түрінде жауын-шашын жауады деп болжануда. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.

Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады.

республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:

республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін.

Жалпы, қарашада ауа температурасы 1° нормадан төмен болады деп күтілуде.

Қараша айында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болуы болжанады.

Консультативтік болжамға сәйкес қыста температура режимі климаттық норма шегінде болжанады, жауын-шашын көпжылдық нормадан асады. Алайда, жауын-шашынның тоқтауымен және температураның аномальді төмен фонымен (солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 30-45 градус аяз) сипатталатын кезеңдер ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Қыстың алғашқы екі айы желтоқсан және қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма щамасында деп болжанады.

Желтоқсан, қаңтар айларында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп болжануда.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары шамасында болжанады.

Наурыз – қыс пен көктем арасындағы өтпелі кезең, жылы күндерден кейін аяз бен қалың қар қайталануы мүмкін.

Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура еліміздің басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп күтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив