KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

13 құрылыс нысаны қатаң бақылауға алынды - ШҚО

depositphotos.com

Кеше, 11:00 55 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша аяқталу мерзімі айтарлықтай кешіктірілген проблемалық құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі таңда аяқталмаған құрылыстардың тізімінде жалпы құны 172 млрд теңгені құрайтын 13 нысан бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.

Осы нысандардың ішінде Өскемен қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы) ғимараты аяқталып, пайдалануға берілді. Тағы 12 учаскеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы да аяқталуға жақын.

– Катонқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Топқайың ауылындағы су құбыры сияқты 4 нысан бойынша мердігерлер шарттық міндеттемелерін мерзімінде орындамаған. Осыған байланысты департаменттің ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайтын талап-арыз жұмыстарын бастады, – деді Денис Шакенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив