Шаңырақ күні: Өскеменде «Тақиялы періште» мен«Дос-Мұқасан» фильмдері тегін көрсетілді
Наурыз мерекесі аясында Өскемен қаласында «Тақиялы періште» кеңестік музыкалық комедиясы және аты аңызға айналған вокалды-аспапты ансамбль жайлы «Дос-Мұқасан» фильмі қала тұрғындарына тегін көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы жарық көріп, сол кездің өзінде халықтың сүйікті комедиясына айналған. География пәнінің мұғалімі – мейірімді әрі қарапайым Тайлақтың анасы Тананың ұлына келін іздегені туралы оқиға қазақы дәстүрлер мен әзілге толы.
Көрермендер бұл фильм арқылы мейірім мен ұлттық болмысты, өткен ғасырдың ортасындағы шынайы өмір атмосферасын сезіне алды. Шараға қатысқандар фильмді тамашалап, ерекше көңіл күймен тарасты.
Фильмнен кейін Санжар Нұров та әсерімен бөлісті:
«Тақиялы періште» – қазақ киносының аңызға айналған туындыларының бірі. Бүгінгі жастардың да бұл фильмге қызығушылық танытып, тамашалауы – ұлттық мәдениет пен құндылықтарға деген құрметтің белгісі.
Сондай-ақ 70-80-жылдары тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де танымал болған «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрылуы жайлы фильм де көрермендер көңілінен шықты.
Айта кетерлігі, бұл фильмнің кейбір көріністері Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайы маңында түсірілген. Себебі бұл ауданда 70-ші жылдар архитектурасы жақсы сақталған.
Фото: Даниил Суворов