Шаруаларды қолдауға 700 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды
depositphotos.com
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егін егу және жинау науқаны кезеңінде кешенді қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, шаруаларды жеңілдетілген қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлініп, соның 502 млрд теңгесі игерілген.
Егін жинау науқаны үздіксіз өтуі үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен 422 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның ішінде 39,9 мың тоннасы жауын-шашынға байланысты астықты кептіруге, ал 16,4 мың тонна көлемінде сұйытылған газ элеваторлар үшін қарастырылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру қараша айында іске қосылады.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да жалғасып жатыр. Жеңілдетілген лизингке бөлінген 250 млрд теңгенің аясында бүгінге дейін 253 млрд теңгеге 8 мыңнан астам техника сатып алуға өтінім түсті.