KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданына барды

24.05.2023, 09:00 242 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданына барды.

Өңір басшысы халықпен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ғана емес, алдыңғы кездесу барысында көтерілген мәселелердің шешімін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Биыл Шемонаихада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектеп салуды және Выдриха, Камышинкадағы жалпы білім беретін мекемелерді жөндеуді бастаймыз. Аудандық аурухананы жөндеуге миллиардтан астам теңге бөлінді, онда барлық қажетті жабдықтар, соның ішінде компьютерлік томограф орнатылады. Аудандық аурухананың екі дәрігері Израильде оқытылады, – деді Д.Ахметов.

Облыс әкімі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеуге 124 миллион теңге, сумен жабдықтау жүйесін жүргізуге 125 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. Биыл бұл ауданның алты ауылына интернет желісі тартылып, көпбалалы отбасыларға арналған үйлер салынып жатыр. Сондай-ақ фитнес орталығын салу үшін орын анықталды.

– «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолын жөндеудің маңызы зор. Оған қоса жаңа көпір салу жобасы да бар. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасады, облыс бойынша космомониторингтің көмегімен 509 мың га анықталды, олар халыққа жайылымдар, сондай-ақ тұрақты дамып келе жатқан агроқұрылымдары бар шаруашылықтар үшін беріледі, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ауданда агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ҚХР сертификаттау стандарттары бойынша зертхана ашылғаннан кейін өнімді экспортқа жеткізу үшін әлеует бар.

Облыс әкімі кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив