KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Арнайы пәндер бойынша үздік бейнесабақ анықталды – ШҚО

Фото: gov.kz

7.06.2023, 10:22 204

6 маусымда ТжКБ жүйесі оқу орындарындағы арнайы пәндердің оқытушыларының арасында «Арнайы пәндер бойынша үздік бейне шеберлік сыныбы» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқау педагогикалық қоғамдастықтың өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға, педагогтардың шығармашылық қызметі мен кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқытушылар оқытылатын пән тақырыптарының бірі бойынша шеберлік сабақтарының бейнероликтері мен сценарийлерін ұсынды. Байқауға қабылданған 29 жұмыс бірнеше критерий бойынша бағаланды. Дәлірек айтқанда, таңдалған тақырыптың мазмұны мен техникалық регламентке сәйкестігі, сценарийдің технологиялық және әдістемелік суаттылығы, өзектілігі, практикалық және әлеуметтік маңызы, әдістемеде немесе технологияда авторлық компоненттердің болуы, тақырыпты заманауи деңгейде меңгеру талап етілді.

Нәтиже бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, жария етілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив