KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Құқық қорғаушылар өзара бәсекелесті – ШҚО

Фото: gov.kz

11.07.2023, 10:42 784

ШҚО-да құқық қорғаушылар арасында шағын футбол турнирі өтті.

Шара пандемия кезінде қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полковник Дәур Ибраевты еске алу үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Титан» спорт кешенінде өткен жарысқа полицейдің ата-анасы – Болат Әбдірахманұлы мен Үміт Мұқашқызы, жұбайы мен балалары, достары мен әріптестері шақырылған.

Полковник Дәур Ибраев ведомстволық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ШҚО полициясының жедел-тергеу бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен, Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерін басқарған, 2016-2020 жылдары Өскемен қаласының полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Жарысқа құқық қорғау құрылымдарының атынан 12 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтиже бойынша 1-орын ШҚО ТЖД командасына, 2-орын ШҚО және Абай облысы бойынша МКҚБ командасына, ал 3-орын ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің командасына бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, үздік ойыншыларға кубок берілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив