ШҚО-да «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Фото: inbusiness.kz
Шілде айының 24-28 аралығында Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесінде «Қару» жедел-профилақтикалық іс-шара өткізілді.
Бұл жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу, заңсыз қару, оқ – дәрі және басқа да тыйым салынған заттар айналымы бойынша фактілерді анықтау, оларды тасымалдау ережелерінің сақталмауын, сондай-ақ оларды заңсыз тасымалдануын анықтау, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Қару және оқ-дәрілер әрқашанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осы орайда, Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімі қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 287-бабы -200 АЕК-ке дейін айыппұл, 50 тәулікке дейін қамауға алу) және әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-тің 482 бабы – 25 АЕК айыппұл) көзделгенін ескертеді. Заңсыз сақталып тұрған қару, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады екен.