KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ауыл әкімдігі мемлекеттік сатып алу талаптарын дұрыс орындамаған

Фото: egemen.kz

24.08.2023, 10:12 206

«Бизнеске жол» жобасының аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер жүгінген. Кәсіпкер Алтай ауданына қарасты Октябрь ауылдық округінің әкімдігі автокөлік жөндеу бойынша шарт жасасудан негізсіз бас тартқанын және осы елді мекенде тұратын басқа кәсіпкердің мүддесіне заңсыз қолдау көрсеткендігін айтып, шағым түсірген.

Антикорға жүгінген кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу байқауына жолдаған өтінімі баға сәйкес келмеді деген себеппен қабылданбаған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осылайша, әкімдік ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бұйрығының 450-тармағының 2-бөлігінде көрсетілген талаптарды орындамаған.

  "Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде, әкімдік бірінші байқаудың қорытындысын жойып, байқауды қайта өткізетін болды. Кінәлі маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.
            


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу