KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да әкімдік қызметкері жауапқа тартылды

шартты сурет

21.08.2023, 14:17 232 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу рәсімін заңсыз өткізген әкімдік қызметкері жауапқа тартылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Агенттікке Алтай ауданында тұратын кәсіпкер «Бизнеске жол» жобасына қатысты шағым түсірген. Ол Октябрь ауылдық округі әкімдігінің автокөлік құралдарын жөндеу бойынша шарт жасасудан негізсіз бас тартқаны және осы елді мекенде тұратын басқа кәсіпкердің мүдделеріне заңсыз қолдау көрсеткендігін жеткізді.

Кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу байқауындағы өтінімі «бағаның сәйкес келмеуі» себебінен қабылданбаған. Осылайша, әкімдік ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бұйрығының 450-тармағының 2-бөлігінің талаптарын бұзған.

«Осы мәселеге байланысты ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мүдделі тараптармен кездесу өткізді. Нәтижесінде, әкімдік бірінші байқаудың қорытындысын жойып, байқауды қайта өткізетін болды. Кінәлі маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу