Алтайда Конституция күні тойланды
Конституция күніне орай 29 тамыз күні Алтай қаласында салтанатты шара өтті.
Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин атаулы күннің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудан әкімі Ата Заң қабылданған күннен бастап ел тарихының жаңа парағы ашылғанын, бұл қадам мемлекет дамуының даңғыл жолына бастағанын баса айтты. Бүгінгі таңда Алтай ауданында дамудың тұрақты көрсеткіші қалыптасқан. Ауданда 20-дан астам этностың өкілдері өмір сүріп жатыр.
Мерекеге орай Мәдениет орталығының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама дайындады.
Оқи отырыңыз