KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
492.22 529.38 5.03

ШҚО тұрғындары экология мәселесін шешудің өз тәсілдерін ұсынды

8.09.2023, 13:28 256

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қабылдауы барысында экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізетін маңызды жобалар таныстырылды.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ геология ғылымдарының кандидаты Анатолий Чурсин мен Өскемен жылу электр орталығының бас инженері Виктор Недовесов экологиялық қауіпсіз екі жоба ұсынды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Оның бірі – Алебастр су қоймасында жаңартылатын энергетика кешенін салу, екіншісі –  отын-энергетика жүйесіне "Термококс" технологиясын енгізу.

Өңір басшысы азаматтарды қабылдау барысында тұрғындардың тек өз проблемаларымен ғана емес, қызықты идеяларымен, жобаларымен келіп, өз ұсыныстарын білдіретініне қуанатынын жеткізді.

Аймақтағы экология саласында көптеген мәселе бар екені сөзсіз. Оларды ғылыми зерттеулерге сүйене отырып шешу керек.

Мысалы, Рысбек Қасенов бірқатар жоба ұсынды. Олардың ішінде туризм, білім беру және экология салаларында халықаралық ынтымақтастық орталығын құру, сондай-ақ Айлақтан Өскемен ГЭС-не дейінгі теміржол желісін қалпына келтіру, атты полицияның жұмысын қайта бастау секілді ұсыныстар бар. Владимир Вересовкин де бірнеше қызықты идея ұсынып отыр. Жалпы, зейнеткерлеріміз бен ардагерлеріміздің азаматтық ұстанымы мен белсенділігі – аса қуантатын жайт.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жақсы мысалын Глубокое ауданының әкімдігі көрсетіп отыр. Оларға Алтай кентіндегі «Жылу энергиясы» кәсіпорнының қызметкерлері өз мәселелерімен жүгінген екен. Аудан басшылығы бұл мәселе бойынша жедел әрекет етіп, біртіндеп шешіп жатыр. Жалақы бойынша қарыздар төленіп, қызметкерлерге арнайы форма беріледі. 16 желтоқсанға дейін компания басшылығы барлық әлеуметтік төлемдерді, оның ішінде зейнетақы жарналарын өтейтін болады. Аталған мәселе аудан әкімінің жеке бақылауында.

Ал Лариса Швец пен Наталья Стаценко «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру мәселелері бойынша өңір басшысына бұған дейін де жүгінген болатын. Қазір бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешіліп жатыр.

Өңір басшысы жауапты ведомстволарға қабылдау барысында айтылған барлық сұрақтар мен ұсыныстарды қарауды тапсырды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив