Алтай қаласында Республика күніне орай мерекелік концерт өтті — ШҚО
Республика күніне орай Алтай қаласының мәдениет орталығында концерт өтті.
Шараға облыстық Білім басқармасының бастығы Инесса Чернышова қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Республика күні — көп ұлтты елдің бірлігінің, әр азаматтың туған жерге деген сезімінің нышаны, Тәуелсіздіктің негізі.
Концертте бұл мерекенің Қазақстан азаматтары үшін тарихи маңызы мен елеулі екендігі аталды.
Әуезді ән мен бидің ерекше рух беретін сазы, өзгешелігі жиналған қауымды тәнті етті.
Өлең мен әуенде туған жердің көркемдігі мен байлығы баяндалып, бишілер қимыл арқылы туған жерге деген сезімін жеткізді. Сахнада өнер көрсеткен жасөспірімдер ғана емес, бүлдіршіндер де өзіне артылған міндетті сәтті орындап шықты. Көрермендер жас әртістердің өнеріне шапалақ соғып, тәнті болғанын жеткізді.