Бүгін күн райы қандай болады?
Фото: egemen.kz
«Қазгидромет» РМК 27 қазанға күн райы болжамын ұсынды.
Дерекке сүйенсек, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ел аумағынан өтетін атмосфералық фронттарға байланысты. Сондықтан елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, батыс пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанған. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда көктайғақ, шығыста бұрқасын болуы мүмкін.
Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі.
Оқи отырыңыз