KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Оқу-ағарту министрі шығыстың көшбасшы оқушыларымен кездесті

10.11.2023, 17:00 276 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

— Мемлекет басшысы жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып өскенін қалайды. Бұған бар күш-жігерін салып та келеді. Мектептер тек бір аусымды болуға тиіс. Сонда ғана білім сапасы жоғары болмақ. Осы мәселеге келгенде ел Үкіметі бізге қашан да қолдау көрсетуге дайын. Бір сөзбен айтқанда, біз сендердің игіліктеріңізге қызмет етеміз, балалар. Сондықтан сендер де биікке ұмтылыңдар, —деп лебіз білдірді Ғани Бейсембаев.

Министр оқушыларға елге қызмет етудің қаншалықты маңызды екенін айтты. Шетелдерде білім шыңдап, қайта оралып, туған жерде тер төгу — тәрбиелі ұрпақты ісі. Осыны айтқан бас педагог әйгілі ұстаз Әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы" деген сөзін мысалға келтірді.

Ал шығыстың көшбасшы оқушылары министрге өздері білім алып жатқан мектеп туралы әңгімеледі.

— Біздің лицей түлектерінің алды шетелде, Google Brain компаниясында еңбек етеді. Елімізде ғылымның түрлі саласында қызмет етіп, жетістікке жеткендері қаншама?! Біз де олардан үлгі алып, биік мақсаттарға қол созамыз. Мұғалімдер бізге академиялық білім ғана емес, тәлім-тәрбие де береді, — деді облыс орталығындағы білім-инновация лицейінің оқушысы Тимур Матвеев.

Министр алғыр шәкірттерге ризашылығын білдіріп, олардың білім жолындағы сапарына сәттілік тіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив