KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Биыл ШҚО-да бірде-бір дала өрті тіркелмеген

Фото: snob.ru

15.11.2023, 10:33 159 Нұржан Кенжеұлы

Биыл Шығыс Қазақстанда 77 орман өрті тіркелді. Өрт жалмаған орман алқабының аумағы 502,3 гектарды құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары айтты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбековтың айтуынша, өткен өрт қаупі жоғары маусымда тіркелген апаттардың дені таулы жерлерде болыпты. Яғни, өрт сөндірушілерге кәдімгі техника жете бермейтін тау-тасқа шығып, қызыл жалынмен арпалысуға тура келген екен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Өрттерді сөндіру жұмыстарына өтімділігі жоғары өрт сөндіру автомобильдерін, жол талғамайтын шынжыр табанды тасымалдаушы-тартқыш пен тікұшақтарды жұмылдырдық. Өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтық қорғаныс күштері, полиция қызметі, орман шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы билік органдары мамандарынан жасақталған, құрамында 272 адамы бар 46 бірлескен мобильді топ жұмыс істеді. Бұл топтар  ұзын саны 1 453 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде 46 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі анықталды. Департаментіміз 216 дөңгелек үстел өткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 200-ден астам жиын ұйымдастырды. 18 мыңнан астам адамды қамтыған 4 822 нұсқама берілді, – деді А.Құмарбеков.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша өрттен келтірілген залал мөлшері 35,5 миллион теңгені құраған.
Өңірде, жоғарыда айтқан, 77 орман өртінен бөлек, 492,5 гектар алқапты шарпыған 41 жанулар тіркеліпті. Есесіне, биыл бірде-бір дала өрті анықталған жоқ, дейді сала мамандары. 

– Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 45 өрт сөндіру бекеті бар болса, оның төртеуі биыл құрылған. Олар Алтай, Зайсан, Катонқарағай мен Ұлан аудандарында орналасқан. Айта кетейік, 2023 жылы жергілікті атқарушы билік органдарының өрт сөндіру бекеттері 45 жануды өздігінше сөндірген, – деп хабарлады облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив