KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

Канадалық корпорация табиғи қазба байлықты өндірудің тың тәсілін ұсынды - ШҚО

21.11.2023, 21:18 226 Ләззат Қанатқызы

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев канадалық «Gobbi energy metals Inc» корпорациясының бас директоры Робби Уильям Кохомен кездесті.

 

Аудармашысыз, тек ағылшын тілінде өткен кездесу барысында өңірдің дамуына оң ықпал ететін ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Шығыс Қазақстан облысында канадалық корпорация бірлесіп өндіргісі келетін табиғи байлық қоры мол шоғырланған. Болашақта бірлескен жобаларды инновациялық технологияларды қолдану арқылы іске асыру жоспарда бар.

 

– Бізде Қазақстандағы кен өндіру үдерісінде бұрын-соңды болмаған жаңа технологиялар бар. Өңдеу фабрикаларын барлау, өндіру және салу бойынша жобаларды қарастыруға дайынбыз, - деді Робби Уильям Кохоу.


 Шығыс Қазақстан облысының әкімі тиісті басқармаларға канадалық компанияның мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті ақпаратты беруді тапсырды.

 

– Біз сіздерге барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Сіздердің жаңа технологияларыңызда цианидті барынша аз пайдалану қарастырылған, сондай-ақ олар шахталарды және терең бұрғылауды қажет етпейді, жер қойнауына әсері де аз, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.


Өңір басшысы жобаларды жүзеге асыру барысында инвестордың жергілікті қызметкерлерді оқыту және кәсіпорын айналасында кластерлер құру, экологияны сақтау және топырақ құнарын қалпына келтіру бойынша міндеттемелері маңызды екенін атап өтті.

 

Канадалық корпорация осы саланың тиімділігін арттыру үшін барлық металлургиялық кәсіпорындармен ынтымақтасуға дайын. Бұл технологиялар әзірге әлемде аз қолданылады. Олар Британдық Колумбия университетінің базасында әзірленді, ал олар бойынша табысты жобалар Моңғолия, Мексика және Перуде іске асырылды.

 

Канада тау-кен металлургиясы және осы индустриядағы ғылыми зерттеулер саласындағы озық елдердің бірінен саналады. Компания өздерінің жаңа технологияларын енгізу бойынша қазақстандық тау-кен өндіруші компаниялардың бәрімен серіктестік орнатуға әзір. Бұл оларға өндіру шығындарын барынша азайтып, есесіне түсетін пайданы молайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив