KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Серебрянкадағы зауыт сенімді басқаруға берілді

Фото: Аяужан Утеулинова

28.12.2023, 19:11 166

Серебрянка органикалық емес өндірістер зауытын қайтадан іске қосу Серебрянка қаласы тұрғындарының талай жылдан бергі шешімін таппаған түйткілді мәселесінің бірі болатын.

 

Алтай ауданының әкімі Ринат Құрмамбаев жергілікті зауытта қордаланған көп мәселе биылдан бастап шешіле бастағанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Зауыт кешенін сенімді басқаруға беруге орай конкурстық рәсімдер өткізілген.  Қазіргі күні зауытты «QazEkoПлюс» ЖШС сенімді басқаруға алған.

 

Зауытта 38 тұрақты жұмыс орны құрылып, кәсіпорынның бас корпусының төбе жабындылары қалпына келтіріліп жатыр. Сондай-ақ өндірістің №3 пластмасса цехы электрмен жабдықталып, бас корпустың  трансформаторлық қосалқы станцияларына жөндеу жүргізіледі.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив