ШҚО-да мереке күндері 900-ден астам адам ауруханаға жүгінген
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
Жаңажылдық мереке күндері өңірде 900-ден астам тұрғын түрлі себеппен ауруханаға жүгінген.
Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың дәрігерлері 500-ге жуық тұрғынға, ал Өскемендегі №4 қалалық ауруханасының травматологиялық пунктіндегі ақ халаттылар 422 адамға көмек көрсетіпті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мәселен, 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында тұрғындар облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа асқазан-ішек жолындағы ауырсыну, түрлі жарақаттар, қан тамырлары аурулары және басқа да аурулармен шағымданған.
Облыс орталығындағы №4 қалалық аурухананың травматологиялық пункті де мереке күндері демалған жоқ.
Травматикалық пункттің аға медбикесі Жулпат Баймолдинаның сөзінше, 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығындағы травматологтардың көмегіне 422 тұрғын жүгінген. Оның ішінде 297 адам көшеде жарақат алған.