ШҚУ-да жұмыс берушілерге арналған электрондық анықтамалық әзірленді
Фото: univery.kz
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс берушілерге арналған жыл сайынғы «Түлек-2024» атты анықтамалық әзірленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Оның негізгі мақсаты – университеттің түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесу және жұмыс берушілерге білікті мамандарды іздеуге көмектесу.
Анықтамалықта білімімен, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметімен, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуымен ерекшеленген түлектердің түйіндемелері берілген.
Электрондық анықтамалықпен университет ресми сайтында «Мансап және жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.