KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

ШҚО тұрғыны мессенджерде діни бейнероликтерді таратқан

Фото: rbk.ru

30.01.2024, 15:17 99 Айна Ескенқызы

Катонқарағай ауданының тұрғыны мессенджерде діни бейнероликтерді таратқаны үшін жауапқа тартылды.

 

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мессенджерде діни бейнероликтерді таратқан Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


ШҚО полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив