KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

26.02.2024, 18:11 151

Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады.

Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив