KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
479.08 533.5 5.26

Өлкетанушының жетінші кітабы жарық көрді - ШҚО

26.02.2024, 23:00 145 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қай уақытта болмасын ел руханияты үшін  өлке тарихының маңызы зор. Өйткені өлке тарихының өрнегіне елдің, жердің, ұлттың тарихы, мәдениеті және ұлы құндылықтары бар. Осы бағытта жұмыс істеп, ұлт руханиятына үлкен үлес қосып жүрген жандар көп.

Өлкеміздегі  тарихи тұлғалар мен батырлар туралы қалам тербеп жүрген авторлардың бірі, өлкетанушы, «Білім беру ісінің үздік педагогы» Қайрат Батханұлының жаңа кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл - автордың жетінші кітабы. Қайрат Батханұлы - көптеген кітаптарымен қатар, «Қабанбайтану» атты оқу құралын жасап, мектептерде оқытуға бастама көтерген ұстаз. Ал осы жолы «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» атты кітабы жол тартты.

– Автор «Қас жауына қарсы шапқан баһадүр» жинағына ерліктің арқауы, батырлықтың бастауы болған дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай, Дәулетбай, Би Боранбай, Шүрек батыр, Майлы батыр және өзге де бабаларымыздың ел қорғап, ерлік көрсеткен өмір жолы мен шайқастары арқау еткен. Бұл өлке тарихы үшін үлкен олжа, – дейді кітапхана қызметкері Гүлбаршын Тілегенқызы.

Өлкеміздің тарихын танып білсем деген оқырмандар бұл кітапты кітапханадан алып оқи алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив