ШҚО-да оқушылар туризмді дамытуға арналған бірегей жобаларын ұсынды
Бүгін Өскеменде оқушылар арасында алғаш рет «Туристік білім жолы» атты экскурсиялық маршруттардың анықтамалығын әзірлеу бойынша облыстық байқау өтті.
ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған байқауға өңірдің барлық қала-аудандарынан жиналған 12-16 жастағы 60-тан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатысушылар «Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары», «Облыстың экскурсиялық маршруттары» атты номинацияларда өздері әзірлеген туристік бағыттарының сипаттамасы бар анықтамалықтарын таныстырды.
Балалар әзірлеген жобаларда Рахман қайнары, Ақбауыр, Қиын Керіш, Бұқтырма, Зайсан көлі сияқты Шығыстың інжу-маржанына айналған көрікті жерлердің толық сипаттамасы, оларға қалай баруға болатыны туралы, ондағы демалыс базалары мен қонақ үйлердің бағасы, табиғи ерекшеліктері сияқты туристерге қажетті ақпарат мол қамтылған.
Конкурс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік атанғандар:
І орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат командасы;
ІІ орын – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.
«Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары» номинациясында жүлделі орындарды иеленгендер:
І орын – Өскемен қаласының №46 орта мектебі;
ІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
ІІ орын – Глубокое ауданының Малоубинка орта мектебі;
ІІІ орын – Катонқарағай ауданының Жас турист станциясы;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
ІІІ орын – Зайсан ауданының Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі.
«Облыстың экскурсиялық маршруттары» номинациясында жүлделі орындарды иеленгендер:
І орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
ІІ орын – Зайсан ауданының Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі;
ІІ орын – Тарбағатай ауданының Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі;
ІІІ орын – Өскемен қаласының №46 орта мектебі;
ІІІ орын – Риддер қаласының №2 орта мектебі;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.
Жүлдегер командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Дарын» орталығының басшысы Гаухар Рахымжанованың айтуынша, жүлдегерлер жазда өңірдегі лагерьлерде шеберлік сағаттарына қатысып, туристік маршруттарға шығуға мүмкіндік алады.
Конкурс соңында жас туристер Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Алтын Алтай» музейін тамашалады.
Айжанат Бақытқызы