Шығыстық жеткіншектер Астананы аралады
Фото: gov.kz
Астана күні қарсаңында 1-5 шілде аралығында «Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік туры ұйымдастырылды.
Экскурсияны Астана қаласының әкімдігі мен ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тур балалардың бойында патриотизмді, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға, елдің тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім беруге бағытталды.
Сапар барысында экскурсовод балалар үшін экскурсия жүргізіп, жеткіншіктер Ұлттық мұражайға, Бейбітшілік және келісім сарайына, «Болашақ энергиясы – «Нұр әлем» мұражайына, «Бәйтерек» монументіне, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, ҚР Әскери-патриоттық мұражайына, Қазақстанның «Атамекен» картасына барды.