Самар ауданындағы балалар үшін қауіпті нысандар картасы жасалды
instagram/samar.balalar.kauipsizdigi
Ондай нысандарға қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері жатады.
Бірыңғай электронды картаны samar.balalar.kauipsizdigi инстаграм парақшасынан көруге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Самар аудандық прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, аудандағы қауіпті объектілердің паспортын жасады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы. – Яғни, қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде біріктіру арқылы балаларға арналған қауіпті объектілердің Бірыңғай электронды (онлайн) картасы әзірленді. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі samar.balalar.kauipsizdigi сілтемесінде жарияланды.
Картада мыналар көрсетілген: қараусыз қалған құрылыс алаңдары, үйлер, шұңқырлар, су қоймалары, трансформатор кабиналары, кәріз люктері және т.б.
- Кез келген азамат тізімді толықтыру үшін қауіпті жер туралы хабарлай алады. Ақпаратты нақтылау үшін толық сипаттамасын, фотосуреттер, бейнелерді қосуға болады, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасындағылар.
Оқи отырыңыз