Күршім өңірінің өсу мен өркендеу резервтері көп
2023 жылы Күршім ауданында бірқатар ауқымды істер атқарылып, жыл қорытындысы бойынша облыстағы 11 қала мен аудандар арасында тек Күршім ауданында ғана барлық әлеуметтік -экономикалық даму қөрсеткіштерінің оң динамикасы байқалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстанда Күршім сияқты судан өтіп қана жете алатын, баруы қиын болып келе жатқан ешбір аудан жоқ. Жанар- жағар май, тауар мәселесі бәрі ортаны бөліп жатқан Бұқтырмадан өтудің қиындығына келіп тіреледі. Жолдың алыстығы мен қиындығы кәсіпкерлікті дамытуға өзіндік кедергісін келтіріп келеді.
Аудан басшысы биыл көпір салынып бітсе, бұл қиындықтардың бәрі артта қалып, Күршім ауданында бизнестің түр-түрін дамытуға қолайлы жағдай туатынына сенімді. Өйткені, ауданда өркендеу, өсу резервтері өте көп.
Өткен жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы туралы баспасөз мәслихатын өткізген Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов кәсіпкерлерге сүт өндірісін дамытуға да көлік тасымалының тиімсіздігі кері әсерін тигізіп келе жатқанын жеткізді.
Осыдан төрт-бес жыл бұрын Қаратоғай ауылында 30 жыл дегенде алғаш рет шағын сүт зауыты ашылып, ол бірнеше ауылда сүт қабылдау бекеттерін құруға себепші болған еді. Сүт, айран, ірімшік, құрт, кілегей сияқты сегіз түрлі өнім шығара бастаған сүт өңдеу өндірісі, өкінішке қарай, кейін тоқтап қалған.
Келешекте Күршім ауданында сүт, сүт өңдеу өндірісін дамытуға мүмкіндік бар ма?