KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Күршімдегі Қиын-Керіш қоршалады

Фото: baribar.kz

20.03.2024, 16:05 224 Жанаргүл Мұқатай

Күршім ауданында өңірдің әлеуметтік -экономикалық дамуын арттыру бағытында жоспарланып отырған  іс-шаралардың қатарында ауданда тиімді туристік жобаларды  жүзеге асыру да бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Алмат Ақышов Күршімде ішкі туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол екенін айтып отыр.

- Күршім өңірі жеке өзіне көп турист тарта алмағанымен, іргеміздегі Марқакөл, Катонқарағай аудандарының туристік әлеуетін ескере отырып, біз солармен ілесе дамуға мән беріп отырмыз. Катонқарағайға барған көп туристер Марқакөлге қарай Австриялық жолмен түседі де, қайтарда Қиын-Керішке соғып, Күршім арқылы пароммен кері қайтады. Туристердің осы сақиналық маршрутын біз пайдалануымыз керек. Бізде қазір Бұқтырма көпірінің бергі, арғы жағалауы демалыс қызметтері үшін перспективалы аймақ болып отыр. Осы аймақтарды дамытуды қарастырып жатырмыз, - дейді аудан әкімі Алмат Ақышов.

Күршім жері әлемнің «сегізінші кереметі» саналатын табиғи ескерткішімен  әйгілі. Қазіргі күні ғажайып мекен Қиын-Керіш шатқалын туризм нысаны ретінде дамытып, қорғап, қоршау үшін инвестор іздестіріліп жатыр.

Аудан әкімінің айтқанындай, қызыл топырақты, құлама жарлардан тұратын табиғи ескерткішті сақтап, қорғау үшін алдымен ол жер қоршауға алынбақ. Әйтпесе, миллиондаған жылдарда түзілген «жалынды жар» бір-ақ жылда қирап, жоғалып кетуі мүмкін. Аумаққа кірудің тәртібі реттелмек.  Өткен жылы Қиын-Керішке туристерді әкелумен үш компания айналысқан көрінеді. Демалушылардың мотоциклмен Қиын - Керіштің үстіне шыққаны туралы фактілер де болған екен. Табиғатқа деген мұндай тағылық көзқарасқа тосқауыл қою үшін биыл Қиын - Керішті қоршау жұмыстары қолға алынбақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу