KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

ШҚО-да су тасқынын болжайтын жүйе әзірленіп жатыр

9.04.2024, 15:55 271 Ержан Әбіш

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары маусымдық су тасқынын болжайтын арнайы жүйені әзірлеуді қолға алып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Өңіріміздегі өзен-сулар тасыған кезде елді мекендерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан алдымызда маусымдық су тасқынын болжайтын жүйені әзірлеу міндеті тұр. Біз осы іспен шұғылданатын зерттеушілер тобын құрдық, олар өзендер гидравликасы мен су басу аумақтарын модельдеуді, заманауи геоақпараттық жүйені, қауіпті объектілерді, инфрақұрылым нысандарын, мекемелерді, тұрғын үйлерді, рельефті картографиялық тұрғыда байланыстыратын болады, – деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Руслан Шеттікбаев.

Бүгінде ШҚО ТЖД аталмыш университетпен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойып отыр.

– Университетпен су тасқынын ерте анықтап, алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін технологияны дамыту бағытында белсенді жұмыс атқаратын боламыз. Болашақ жүйені жақсарту үшін метеорологиялық деректерді де іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті ШҚО ТЖД алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.


Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу