KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
485.11 523.82 5.02

Үй жануарларына қауіп жоқ – ШҚО

Шартты сурет: unn.ua

18.04.2024, 16:10 139

Алтай және Катонқарағай аудандарында құтырық ауруының екі жағдайы зертханалық тексеру барысында расталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алтай ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жұқпалы ауру жылқыға түлкіден жұқты деген күдік туған. Сараптама нәтижесінде бұл күдік расталды. Жергілікті атқару органдары және ветеринария қызметі бұл оқиғаға байланысты дереу әрекет етті. Тиісті шаралар қабылданып жатыр. Барлық малға екпе салынып, қора-жайларға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін болады. Мамандар ауыл тұрғындарына қолдағы малын жұқпалы дерттен қалай қорғау керектігі туралы ақпарат беріп, түсіндірді.

Мал шаруашылығында тәжірибесі мол мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар өңірімізде көктем мен күз айларында болып тұрады. Әсіресе, көктем шыға жабайы хайуандар елді мекендердің маңына жақын келіп, қорек іздейді. Сол кезде малды тістеп, ауру жұқтыруы мүмкін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив