ШҚО полицейлері зейнеткердің миллион теңгесін қайтаруға көмектесті

Фото: yaplakal.com
ШҚО-да полицейлер зейнеткердің миллион теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы жәбірленушінің өзі облыстық полиция департаменті бастығы Ерлан Омарбековтің азаматтарды жеке қабылдауы кезінде айтып берген.
Ер адам алаяқтар оны телефон шалу арқылы алдағанын айтты. Алаяқтың арбауына түскенін түсінген зейнеткер бірден жақын жердегі полиция бөліміне жүгінген. Полиция жәбірленушінің өтінішіне жедел ден қойып, банктің байланыс орталығына хабарласып, Александрдың шоттарын бұғаттауды сұраған. Содан кейін олар бірге банктің филиалына барып, зейнеткерге ақшалай қаражатын қайтарып берген.
ШҚО полициясы тұрғындарды қырағы болуға, алаяқтардың құрығына түспеуге шақырады. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және жалған қосымшаларды жүктемеңіз. Ақшаңыздың сақталуы өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.