KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, В
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да су тасқыны бойынша жағдай тұрақты

ШҚО ТЖД

21.04.2024, 15:00 134 Назерке Каримова

ШҚО аудандарында қар қоры мен ондағы судың мөлшері төмендеп келеді.

Бұл туралы ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің маманы Нұрболат Өтеев ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды. Бүгін қар жамылғысының ауданы ШҚО-ның 44% құрайды.

- Көптеген аудандарда қар қоры мен ондағы судың мөлшерінің төмендеуі байқалуда. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр және қатаң бақылауға алынды. Су тасқыны жағдайын бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалды тексерулер жүргізіледі. Мобильді топтар күн сайынғы мониторингті жалғастырып жатыр. ЖАО арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жұмыстарды толық көлемде аяқтады. Барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілген, - деді Нұрболат Өтеев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив