KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
485.11 523.82 5.02

Биыл 5 жаңа су қоймасының құрылысы басталады

Сурет: Depositphotos.com

12.04.2024, 14:43 119 Айжанат Бақытқызы

Су және ирригация министрлігі 20 су қоймасының құрылысына кірісті. 11 облыста жаңа су қоймалары пайда болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

«Бес су қоймасының құрылысын биыл бастау жоспарлануда. Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтады және 137 мың тұрғыны бар 70 елді мекенді су басу қаупін азайтады. Ал еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасы қайта жаңартылатын болады. Бұл 70 мың адам тұратын 64 елді мекенде су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив