KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, В
524.66 550.21 5.09

ШҚО-да 226 мың бала – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушысы

Фото: pexels.com

Бүгін, 10:30 36 Гульжан Мусина

Өткен жылы Қазақстанда Ұлттық қордан балаларға төлем жасауды қарастыратын заң қабылданған болатын. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сәйкес, қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған балалар арасында бөлінеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі. 

Ағымдағы жылдың ақпан айында өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық балаларға алғашқы мақсатты аударымдар жасалды. 

Сондай-ақ, биыл 18 жасқа толған азаматтарға жинақталған қаражат тағайындалып, төлемдер жүзеге аса бастады. 

Бұл бағытта белгілі бір жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында да жүргізілуде. 

– Қазақстан бойынша осы бағдарламаның қатысушыларының жалпы саны – 2006-2023 жылдар аралығында туған 7 миллионға жуық бала. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында шамамен 225 822 бала бар, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов. 

Жыл басынан бері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында облыс бойынша «БЖЗҚ» АҚ 105,9 мың АҚШ долларына мыңнан астам өтінімді орындады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 74,5 мың АҚШ долларына 741 өтінім, білім ақысын төлеу үшін 31,4 мың АҚШ долларына 308 өтінім орындалды. 

Мақсатты жинақтардың иелері жинақталған соманың барлығын немесе бір бөлігін пайдалана алады. Қолданылмаған қаражат мақсатты жинақ шотында қалады және оны 18 жасқа толғанда пайдалануға болады. 

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан жасалатын әртүрлі төлемдер табыс ретінде қаралып, сәйкесінше салық салынады. Алайда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы ерекше жағдай болып табылады: бұл төлемдерге салық салынбайды – шотта қанша жиналса, бала сонша соманы толық көлемде алады. 

 Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу