KZ
Өскемен
-6°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
505.15 550.31 5.89

ШҚО-да шығармашылық индустрияны дамытуға бағытталған форум өтті (видео)

Бүгін, 10:00 89 Рағызбаева Ақерке

Өскеменде алғаш рет креативті индустрияға арналған «Shygys Creative Hub» форумы өтті. Бұл шара жүздеген креаторға пайдалы білім алу, тәжірибе алмасу және өз өнімдерін Шығыс Қазақстан жұртшылығына ұсыну мүмкіндігін берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қолөнер шеберлері, бизнес өкілдері мен өнер жұлдыздарын тоғыстырған форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әр салада жетістікке жеткен кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа бастағандарға бағыт-бағдар көрсетті.

– Креативті индустрия жобасының қолға алынғанына бір жыл болды. Біздің мақсатымыз – өңір экономикасының дамуына шығармашылық саласы арқылы үлес қосу. Бұл – бір жылда жүзеге асатын нәрсе емес, бірақ біз шағын қадамдармен үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз. Бүгінгі форумға өңіріміздің әр ауданынан түрлі шеберлер жиналып отыр, – деді Креативті индустрияны дамыту орталығының директоры Аяжан Қайырқанқызы.

Өңірдің шығармашыл тұлғаларын біріктірген форумға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, креативті кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

– Креативті индустрия ұғымы пайда болғалы мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетілуде. Біз де бұл бағытты дамыту үшін арнайы бөлім аштық. Жыл көлемінде бөлім түрлі шаралар ұйымдастырды. Енді, міне, өңір кәсіпкерлеріне арналған форум өтуде. Барлық қатысушылар өздеріне пайдалы білім мен ақпарат ала алады деп ойлаймын, – деді Ербол Жолбаспекұлы.

Форумда әншілер, бишілер, дизайнерлер, суретшілер, ақын-жазушылар, актерлер, стендап әзілкештері мен блогерлер сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар креативті индустрияны дамыту жолдары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы айтып, өз жетістіктерімен бөлісті.

Фото, видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу