KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Күршім ауданындағы көпірді салған құрылысшыларды құттықтады

Күршім ауданы әкімдігінен

10.08.2024, 17:00 106 Назерке Каримова

Тамыз айының екіншісі жексенбісі – құрылысшылар күні.

Осы айтулы мерекеге орай Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев бастаған топ аудан үшін стратегиялық маңызы бар  Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салып жатқан құрылысшыларды төл мерекесімен құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Көпір құрылысы - маңызды   жоба. Бұл аудан үшін ғана емес, республикалық маңызға ие құрылыс. Бұл нысанды салып жатқан құрылысшылардың еңбегі зор, - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.


Көпір құрылысшыларын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Есманбек Ақтекенов те құттықтады.

- Көпір құрылысы күршімдіктердің 50 жылғы арманы. Осы нысанда еңбек етіп жүрген сіздердің үлкен қолтаңбаларыңыз жатыр. Болашақта өскелең ұрпақ әкем, ағам істеген еді деген мақтанатын болады. Көпір уақытында аяқталып, Самар, Көкпекті, Марқакөл, Зайсан аудандарына кең жол ашылады. Сонымен қатар, азық-түлік арзандайды, туризм дамиды. Сіздерге аудан жұртшылығы атынан үлкен алғыс айтамыз, - деді Есманбек Ақтекенов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив